Ақтауда өзбекстандық әскери сүңгуірлер дайындықтан өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлік оқу-жаттығу кешені базасында сүңгуірлік даярлық бойынша, оның ішінде Өзбекстан әскери қызметшілері үшін оқу-жаттығу жиындары өтті. 

Ақтауда өзбекстандық әскери сүңгуірлер дайындықтан өтті
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше бір апта ішінде әскери-теңіз базасының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен теориялық және практикалық курстарды қамтитын қарқынды дайындық жүргізілді.

— Барлық қатысушылар кешенді дайындықтан өтіп, өз дағдыларын бағалады және одан әрі оқыту бойынша ұсынымдар алды, -деп түсіндірді сүңгуір және іздестіру-құтқару қызметінің бастығы капитан-лейтенант Дәурен Мергенбаев.

Жиын қорытындысы бойынша оқудан өткен сүңгуірлерге сертификаттар табысталды. 

Айта кетелік бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Аумақтық қорғаныс туралы» заңға және оған ілеспе түзетулерге қол қойған еді

Соңғы жаңалықтар