Ақтауда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтау қаласының 7-шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен егде жастағы әйелдің мәйіті табылды. Үшінші қабаттағы пәтерден шыққан жағымсыз иісті сезген тұрғындар дабыл қағып, құзырлы органдарға хабар берген. 

Ақтауда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды
Фото: lada.kz

№27 үй тұрғындарының айтуынша, зейнеткер әйел жалғыз тұрған. Соңғы күндері оны ешкім көрмеген, кейін подъезде мәйіт иісіне тән өткір иіс пайда болған. Көршілер күмәнданып, жедел қызметтерге хабарласқан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 3 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар барған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары пәтердің терезесін ашып, ішке кіріп, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне есік ашып берген. Пәтер ішінен 79 жастағы әйел адамның мәйіті табылды. 

Бұған дейін, Шымкентте Дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум