Ақтауда президенттің бұрынғы резиденциясының орнына мешіт пен стадион салынады

АҚТАУ. KAZINFORM – Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша, президент резиденциясының орнына әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар бой көтереді. 

Ақтауда президенттің бұрынғы резиденциясының орнына мешіт пен стадион салынады
Фото: Аягөз Ізбасарова

— Қазір резиденция Ақтау қаласы әкімдігінің құзырына берілді. 225 гектар жер. Соған бас жоспар жасалып жатыр. Мұнда орталық стадион салынады. Оның шешімі шықты. Ол жерде үлкен мешіт бой көтереді. Сонымен қатар балалар ойнайтын алаңқайлар болды. Мысалы бізде теңіз вокзалы жоқ, сондықтан теңіз вокзалын саламыз, - дейді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Ақтауда президенттің бұрынғы резиденциясының орнына мешіт пен стадион салынады
Фото: Аягөз Ізбасарова
Ақтауда президенттің бұрынғы резиденциясының орнына мешіт пен стадион салынады
Фото: Аягөз Ізбасарова

Айта кетейік, «Самал» шағын ауданында орналасқан жер учаскесі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрын аумақтың бағалау құны шамамен 1 миллиард теңгені құрады. Аталған жер Ақтау қаласының бас жоспарына енгізіліп, келісу және мемлекеттік сараптамаға дайындық кезеңдері жүріп жатыр. 

Бұған дейін, Ақтауды жаңа жылдық безендіруге қанша миллион теңге жұмсалатыны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар