Ақтауда референдум күні туған сәбиге Ата-Заң есімі қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтауда қалалық аурухана перзентханасында дүниеге келген ұл балаға ата-анасы ерекше есім берді – республикалық референдум құрметіне Ата-Заң деп атады. 

Ақтауда референдум күні туған сәбиге Ата-Заң есімі қойылды
Фото: Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Ата-ана бұл есімді Конституцияға құрметтің белгісі ретінде және елде өтіп жатқан республикалық референдумның естелігі ретінде таңдағандарын айтты.

Ақтауда референдум күні туған сәбиге Ата-Заң есімі қойылды
Фото: Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы

Соңғы жылдары Қазақстанда маңызды оқиғалар мен құндылықтарды бейнелейтін ерекше есімдер жиі қойылып жүр. Әсіресе тарихи мәні бар шешімдер қабылданатын немесе жалпыхалықтық дауыс беру өтетін күндері мұндай үрдіс айрықша байқалады.

Ақтауда референдум күні туған сәбиге Ата-Заң есімі қойылды
Фото: Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Онда ел азаматтары конституциялық өзгерістерге қатысты өз пікірін білдіре алады.

Ақтауда референдум күні туған сәбиге Ата-Заң есімі қойылды
Фото: маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы

Дауыс беру учаскелері Астана уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. 

Айта кетелік Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар