20:07, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтауда тазартылған ауыз су өндірісі іске қосылуда
АҚТАУ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ақтауда «Каспий» тұщыландыру зауытында шығарылған тазартылған ауыз судың өндірісі іске қосылуда.

«Біз мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен егде жастағы адамдарға және науқас адамдар үшін құрамында кальцийдің деңгейі жоғарылатылған су шығаруды жоспарлап отырмыз. Оған қоса шырындар мен морстардың өндірісін ретке қоюды көздеп отырмыз», - деді «Каспий» тұщыландыру зауыты» ЖШС бас директоры Талғат Елімбетов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы зауыт мемлекеттік меншікке «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-на тапсырылған болатын. Тұщыландыру зауыты «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Цехтарының бірі апатты жағдайда болуына байланысты зауыт әзірге толық қуаттылыққа шыға алмай отыр. 2013 жылдың басында мұнайшылар оны жаңғыртуға 605 млн. теңге бөлуге уәде етті.