Ақтауда тегін донер тарату акциясының соңы жанжалға ұласты

АҚТАУ. KAZINFORM – Акция Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында жоспарланған. Тегін донер мен суши таратылатыны жөнінде фасфут дәмханасының иесі хабарлаған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада тұрғындар көп жиналып, бір-бірін таптап кете жаздады. 

донер
Фото: Pixabay

Оқиға орнына полицейлер келіп, жұртты сабырға шақырды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілген. 

Дәмхана иесінің айтуынша, ол адам көп жиналады деп ойламаған.

- Қызылтөбе ауылында тұрғындардың көп жиналуына байланысты, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тегін тамақ таратылатын орынды өзгертіп, басқа ауылда өткізіп жібердік. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбайды. Кешірім сұраймын, - дейді кәсіпкер.

Бұған дейін, тегін донер таратқан ақтөбелік кәсіпкерге айыппұл салынғаны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар