Ақтауда телефон «лаңкесі» 1,5 жылға бостандығынан айырылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қалалық сот телефон «лаңкесі» Андрей Калюжныйға қатысты үкімін шығарды.
None
None

1995 жылдың тумасы, А.Калюжный ағымдағы жылдың 18 маусымында Ақтау қаласының 27 шағын ауданында орналасқан «Болашақ» колледжінің маңындағы ғимаратта болып өз ұялы телефонынан «102» нөмірі бойынша Маңғыстау облыстық ІІД жедел басқару орталығына қоңырау шалып, оқу орнында жарылғыш заты бар деп хабарлаған. Айыпталушы осы колледждің студенті болып шықты. Бұл әрекетімен ол оқу үдерісіне кедергі келтірмек болған.

Оған ҚР ҚК 242 («Терроризм актісі жөнінде көрінеу хабарлау») бабында қарастырылған қылмыс жасады деген айып тағылды.

Бұл әрекетімен айыпталушы колледжге 70 мың теңгеден астам материалдық шығын әкелген. Оқиға орнына жеткен мемлекеттік органдарға келтірген залалы 61,5 мың теңгені құрады.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындады.

«Атырау қалалық сотының үкімімен айыпталушы айыпты деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режімдегі түрмеде өтейтін болды. Жапа шегуші мен Ақтау қаласы прокурорының келтірілген залалдың орнын толтыру шағымы қанағаттандырылды», - деді Ақтау қалалық соты баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова.

Соңғы жаңалықтар