18:47, 11 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақтауда теңіз-жаяу әскерлерінің дайындығы тексерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің теңіз-жаяу әскерлері жауынгерлік тапсырманы орындауға қашанда дайын. Қорғаныс министрлігінен барған бақылаушылар күтпеген жерден дабыл белгісін соғып, сарбаздардың дайындығын тексеріп көрді, деп хабарлады 24 kz.
Бригада сапындағы жаяу әскерлер басшылық тарапынан берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты. -Бүгінгі таңда бізді оқу-дабыл бойынша көтерді. Оқу сабағының нәтижесі бойынша батальон командирі жақсы деген баға қойды. Әрқашанда мойнымызға қойылған міндетті, басшылардың бұйрығын орындауға дайынбыз, - дейді жас сарбаз Нұржан Байжанов.
Бұл - алдын ала дайындалып, жоспарлы түрде өткізілетін оқу-жаттығу емес. Сарбаздардың күнделікті дайындығын тексерудің бір тәсілі. «Сақтықта қорлық жоқ. Әлемдегі жағдай күнде өзгеріп жатыр. Браконьерлік, есірткі тасымалы мен лаңкестік әрекеттерге қашанда тойтарыс беруге дайынбыз. Бүгінгі күтпеген жерден соғылған дабыл нәтижесі осыны көрсетті»,-дейді батальон командирі Нұрмахан Нұрманов.