Ақтауда теңіз жағалауынан итбалық өлексесі табылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Теңіз жануарының өлексесін суға шомылып жүрген ересектер мен балалар байқаған. Оқиға демалыс күні 1-шағын аудандағы жағажайда болды. 

итбалық
Фото Данияр Әкімжановтың жеке мұрағатынан

Аталған дерек бойынша Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқараушы Қонарбай Базарбаев итбалықтан сынама алу мүмкін болмағанын айтты. 

– Облыстық балық шаруашылығы басқармасының жануарлар дүниесін қорғау қызметінің мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, оқиға болған жерге барып, итбалықтың өлексесін тапты. Оның денесі қатты ыдырап кеткендіктен сынама алынбады. Теңіз жануары полигонға жеткізілу үшін коммуналдық қызметке тапсырылды, - дейді Қонарбай Базарбаев.

Бұған дейін, Маңғыстауда Каспий жағалауынан 117 итбалықтың өлексесі табылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар