Ақтауда теңіз жағасынан табылған құстардың өлексесін мамандар зерттейді

АҚТАУ. KAZINFORM — Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы хабарлады. Инспекторлар «Rixos» қонақ үйінің жанындағы жағалау сызығын айналып өтіп, бір аққудың және алты үйректің қаңқасын тапқан. Бұл жағдай туралы қала билігі мен «Rixos» әкімшілігіне хабар берілген.

Ақтауда теңіз жағасынан табылған құстардың өлексесін мамандар зерттейді
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

— Бүгінгі таңда Қаракөл көлінде 10-нан астам аққу мен басқа құстар мекендейді. Бұл жағдайда Каспий жағалауында бірнеше құстың өлімі табиғи түрде құстардың әлсіреуіне байланысты болды, - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы берген хабарламада.

Ақтауда теңіз жағасынан табылған құстардың өлексесін мамандар зерттейді
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

Инспекцияның хабарлауынша, құстардың жаппай қырылуы тіркелмеген. Соған қарамастан Микробиология және вирусология орталығының мамандары зерттеу үшін өлі аққулар мен үйректерден сынама алған. Нәтижелері 10 қаңтарға дейін дайын болады.

Сондай-ақ, ведомство құстардың құс тұмауының салдарынан өлуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Ақтауда теңіз жағасынан табылған құстардың өлексесін мамандар зерттейді
Фото: Аягөз Ізбасарова\Kazinform

Айта кетейік, 2 қаңтар күні жергілікті тұрғын «Rixos» қонақүйінің жанындағы теңіз жағасынан өлген құстарды тауып, құзырлы органға хабар берген.

Бұған дейін, Маңғыстауда Каспий жағалауынан бір мыңға жуық итбалықтың өлексесі табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар