Ақтауда тепловоз автомобильмен соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда тепловоз автомобильмен соқтығысқан, деп хабарлайды lada.kz .

Ақтауда тепловоз автомобильмен соқтығысты

Апат Ақтаудың өнеркәсіп аймағында болған. Бұл туралы куәгер мәлім етті. Куәгердің айтуынша, тепловоз бен Kia Rio автомобилінің соқтығысуы бүгін сағат 12:15-те болған.
«Тепловоз автомобильді бірнеше метрге дейін сүйретіп әкетті», - деді куәгер. Ақтау жедел жәрдем стансасында зардап шегушілер туралы ақпарат түспегенін хабарлады. Оқиға туралы деректер Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне де түспеген.
Еске салайық, 12 тамыз күні теңіз портына бара жатқан жолда АТЗ мен МАЭК бұрылысындағы Т секілді қиылыста тепловоз автомобильмен соқтығысқан еді.
Суретті куәгерлер түсірген.