12:58, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Ақтауда төртінші қабаттан құлаған екі жасар нәресте жан сақтау бөлімшесінде көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төртінші қабаттан құлаған екі жасар Дамир Шарипов түнде балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесінде көз жұмды.

Оқыс оқиға 27 қазан күні күндіз қаладағы тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Екі жасар нәресте төртінші қабаттан құлап, балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді. Дәрігерлер баланың жағдайын аса ауыр деп бағалаған.
Дамир Шариповтың туыстары хабарлағандай, бүлдіршін бүгін түнде есін жимай, көз жұмды, деп хабарлады lada.kz.