Ақтауда тұрғын үйдегі жарылыс газ-ауа қоспасының шоғырлануынан болған ба

АҚТАУ. KAZINFORM – «QAZAQGAZ AIMAQ» Маңғыстау өндірістік филиалы қызметкерлерінің мәліметінше, Ақтаудағы төтенше оқиғаға тұрмыстық газдың таралуы себеп болуы мүмкін.

газ
Фото: видеодан алынған скрин

Мекеменің бас инженері Әли Юсуповтың айтуынша, жарылыс болған тұрғын үйден 8 метр қашықтықта орташа қысымды газ құбыры өтіп жатыр. Ол арқылы тұтынушыларға тұрмыстық газ беріліп тұр. Алайда осы тұрғын үй кешенінің жанында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның балансындағы газ құбырлары жоқ.

- Қазір сарапшылар жарылыстың бірнеше нұсқасын, соның ішінде тұрмыстық газдың таралуын да қарастырып жатыр. Осыған байланысты біз нақтылағымыз келеді. Бұл үйде газ бар, қасбеттік құбырлар жүргізілген. Сондай-ақ орташа қысымды жерасты газ құбыры өтіп жатыр. Бірақ олар жеке заңды тұлғаның, құрылыс компаниясының немесе пәтер иелері кооперативінің балансында болуы мүмкін, - дейді Әли Юсупов.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, газ құбырына жауапты компанияның осы жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған компаниялармен, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттар болуы тиіс.

Бұған дейін Ақтауда тұрғын үйде жарылыс болып, 5 адам зардап шеккені туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар