Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінде болған атыс кезінде екі жігіт зардап шекті

АҚТАУ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау 20 және 19 жастардағы екі жігіт оқ жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
None
None

«11 ақпан күні сағат 22.15-те Маңғыстау облысы ІІД-нің жедел әрекет ету орталығына Ақтау қаласының екінші шағынауданында атыстар естілгені, үйдің кіреберісінде екі жас жігіттің қарудан жарақаттанғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Жәбірленушілер «жедел жәрдем» көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, үйге қара түсті джип көлігі келген, оның ішінен шыққан екі жігіт кіреберіске таяп, жәбірленушілермен кездескен. Бірнеше минуттан кейін екі атыс естілді, екі күдікті жігіт бірден іздерін суытқан. Жәбірленушілер өздеріне шабуыл жасаған жігіттердің есімдерін атаудан және оқиғаның себебін айтудан бас тартып отыр», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетова.

Тергеушілердің алдын ала деректері бойынша, оқ шолақ мылтықтан атылған. Қазіргі уақытта полицейлер көршілес ғимараттарда орнатылған бейнекамераларды тексеруде.

Қалада «Ұстау» жоспары жарияланды.

Соңғы жаңалықтар