Ақтауда түркі елдерінің ерекше қажеттілігі бар балалары бас қосты

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда «Мейірімді түркі әлемі» атты ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарға арналған шығармашылық фестивалі өтті. Оған Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-тен астам жеткіншек пен жастар қатысып, өнер көрсетті.

Ақтауда түркі елдерінің ерекше қажеттілігі бар балалары бас қосты
Фото: Сергей Ахмеров

Шығармашылық фестиваль «Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында алғаш рет ұйымдастырылған. Іс-шарада 5 жастан 25 жасқа дейінгі балалар мен жастар ән айтып, би билеп, өлең оқып, түрлі музыкалық аспаптарда ойнады.

Ақтауда түркі елдерінің ерекше қажеттілігі бар балалары бас қосты
Фото: Сергей Ахмеров

Жас өнерпаздарға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының және Ақтау қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар берілді.

Ақтауда түркі елдерінің ерекше қажеттілігі бар балалары бас қосты
Фото: Сергей Ахмеров

- «Мейірімді түркі әлемі» халықаралық шығармашылық фестиваліне бауырлас елдер — Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия,, Түрікменстаннан және Қазақстанның әр өңірінен талантты балалар келіп отыр. Мейірімді қоғам құру бастамасына қолдау білдіріп, осы жолда елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып жатқан әріптестерге көп рахмет. Ойымыз ортақ — балалардың бақытты өмір сүруіне, ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Бүгінгі фестивальде балалар өнерін көрсетіп, бір-бірімен танысып қана қоймайды, сонымен бірге достықтың, ынтымақтың, шынайы ниеттестіктің үлгісін паш етеді, - деді фестивальдің жабылу салтанатында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп. 

Ақтауда түркі елдерінің ерекше қажеттілігі бар балалары бас қосты
Фото: Сергей Ахмеров

— Бүкіл қатысушылар — ерекше қажеттілігі бар жастар мен балалар және мүгедектігі бар балалар. Негізі, қоғамда біздің балаларымыз мүмкіндігі шектеулі балалар деп аталады. Бірақ мен сондай сөздерге өте қарсымын. Біздің балаларымызда ешқандай шектеу жоқ. Біздің балалардың шығармашылығы шектеусіз. Олар ән айтады, билейді, көркем сөз оқиды, — дейді іс-шараны ұйымдастырушы Қарлығаш Әлмұхамбетова.

Ақтауда түркі елдерінің ерекше қажеттілігі бар балалары бас қосты
Фото: Сергей Ахмеров

Айта кетейік, Ақтау эстафетаны Түрікменстанның Анау қаласынан қабылдаған болатын. Ашхабадта өткен ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 41-ші отырысында маңғыстаулық делегация «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін қабылдап алды.

Бұған дейін, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Ақтауда отызға жуық мәдени іс-шара өтетінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар