Ақтауда Ұлттық бірыңғай тест өткізудегі өзгерістер туралы семинар-кеңес өтті

АҚТАУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтауда биылғы Ұлттық бірыңғай тест өткізудегі өзгерістер және оған дайындық барысы туралы семинар кеңес өтті.
None
None
Жиынға ҚР Білім және Ғылым министрлігінен, облыс әкімдігінен өкілдер, өңірдегі барлық оқу орындары мен білім бөлімінің басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ҰБТ-ны өткізудегі биылғы ерекшелік - оған қосымша уақыттың берілгендігінде. Енді талапкерлер тест сұрақтарына 3 сағат 30 минутта жауап жазулары керек. Бұл олардың білімін тексеруде мүмкіншіліктерін барынша көрсете алуы үшін жасалып отыр. Ал мемлекеттік білім беру грантына қатысу үшін тест қорытындысы 45 баллдан кем болмауы керек»,-дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Исатай Сағындықов. Семинар кеңесте қазіргі таңдағы Маңғыстау облысындағы білім сапасына жоғары баға берілді. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша облыс білім сапасы жағынан 5-6-шы орындарда тұрса, биылғы мақсат - ең озық үш облыстың қатарынан көріну. Осы орайда өңірде көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар