11:40, 19 Шілде 2022 | GMT +5
Ақтауда үрмелі матраспен теңізге шыққан 6 адам құтқарылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда үрмелі матраспен ашық теңізге шыққан бір отбасы құтқарылды. Оның төртеуі - балалар. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Солдатский» жағалауы маңындағы теңізге үрмелі матраспен түсіп, ары қарай кетіп қалған (1998 жылы, 2004 жылы, 2008 жылы, 2015 жылы, 2020 жылы, 2021 жылы туған) 6 адамды құтқарушылар жағаға алып шықты. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ» делінген ақпаратта.
Құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 2 қызметкері, 1 техника және 1 жүзу құралы тартылған.
Еске сала кетсек, екі күн бұрын сапбордпен теңізге шыққан 6 адам құтқарылған еді