21:42, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Ақтауда жағажай волейболынан «Актау-Инвитэйшн» Азиялық туры болады
АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтауда 18-20 мамыр күндері ерлер мен әйелдер арасында «Ақтау Инвитэйшн» Азиялық туры өтеді.

Оны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен ҚР Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі, ҚР Ұлттық волейбол федерациясы және Маңңғыстау облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастыруда.
Бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Иран, Индонезия, Біріккен Араб Әмірлігі мен Оман командалары қатыспақ. Онда ел намысын қорғайтын спортшылар арасында Азиялық турлардың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері болған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешовтердің жұптары бар.