Ақтауда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионаты басталды

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау қаласында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер командалары арасында ХV Қазақстан чемпионатының 1-туры өтіп жатыр.
None
None

Алдағы бейсенбіге дейін созылатын бұл байрақты бәсекеге 24 команда қатысуда. Онда әйелдер арасында Ақтау мен Алматыдан - 8, ал ерлер арасында Алматы, Ақтау,  Қызылордадан  - 16 команда өзара сайысқа түсуде. Былтыр ел чемпионатында ерлер арасында Алматы қаласының «Телеком-Ұшқын 1» , «Меридан», «Телеком-Ұшқын 2» командалары 1-3 орныды өзара бөлісті. Ал әйелдер арасында Алматы қаласының «СКПВ 1 СШВСМ» командасы ел чемпионы,  «Алматиночка-СКПВ 2» командасы қола жүлдегер, ал  Ақтау қаласының «Каспий 1» командасы күміс жүлдегер атанған болатын.

Жалпы биылғы ел чемпионатының 1-туры  18-20 мамыр күндері ерлер мен әйелдер арасында өтетін «Ақтау Инвитэйшн» Азиялық туры қарсаңында маңызды сынақ болмақ.

Соңғы жаңалықтар