Ақтауда жол апаты салдарынан көлік екіге бөлініп кетті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамыр күні Ақтау қаласында орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші зардап шекті.
None
None

lada.kz жариялағандай, жол апаты таңертеңгі сағат 9-да орын алған. Рөлге ие бола алмай қалған жүргізушіні жедел жәрдем алып кетті. Видеода көрсетілгендей, «Тойота» жүргізушісі басқа көліктерді қуып жетпек болып, жолдың қарсы бетіне өтіп кетеді.

Солға бұрылып бара жатқан көлікке соғыла жаздаған ол, рөлге ие бола алмай, электр желісінің тірегіне соғылады.

Видео lada.kz сайтынан алынды.

Соңғы жаңалықтар