Ақтауда Жол картасы бойынша 2610 жаңа жұмыс орны құрылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі таңда Ақтау қаласында «Жол картасы» жобасының шеңберінде 19 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру және басқа әлеуметтік нысандарды жөндеу мен жолдар салу жұмыстары қолға алынған.
Қазіргі күнде 12 нысанда жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, 3 нысанда жол жөндеу, сондай-ақ мектептер мен ауруханалардың және басқа әлеуметтік нысандардың 7 ғимаратында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 2 нысанында жөндеу жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. Осының нәтижесінде Ақтау қаласында 568 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан «Жол картасы» жобасы бойынша стенділер мен баннерлер әзірленген. Мұнда бос жұмыс орындары, кәсіптік оқулар өткізілетін мамандықтардың тізбелері, заңнамадағы өзгерістер, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру жөніндегі шұғыл мәліметтер, жөндеу жұмыстары жүргізілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мектеп, ауруханалар және әлеуметтік нысандар бойынша қажетті ақпараттар ілінеді. Бұл стенділер апта сайын жаңартылады.