Ақтауда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты кей үйлер жарықсыз қалады

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтау электр желілері басқармасы ертең 26 және 27 шағынаудандарында жарықтың уақытша өшірілетіні туралы хабарлады. 

Авария на ТЭЦ-3: Караганда осталась без света
Фото: pixabay.com.

Ақтау электр желілері басқармасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2025 жылғы 22 қыркүйекте жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді. Соған байланысты 26 және 27 шағынаудандарындағы бірқатар тұрғын үйде электр энергиясын беру уақытша шектеледі.

26 шағынауданында:

  • 22 қыркүйек күні сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін

  • №1, 7, 8 тұрғын үйлерге жарық беру тоқтатылады.

27 шағынауданында:

  • 22 қыркүйек күні сағат 13:30-дан 17:30-ға дейін

  • №1, 2, 8, 10, 11, 53, 54, 76б, 87, 92 үйлерге электр энергиясы уақытша берілмейді.

Бұған дейін Ақтауда жауын құйып, көшелерді су басқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар