20:35, 22 Қараша 2015 | GMT +5
Ақтауда жүк көлігі апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда экскаватор тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Оқыс оқиға қала шетіндегі автокөлік тұрағының маңындағы жол қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды 24.kz. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Қазір апат орнында жол сақшылары жұмыс істеуде.