Ақтаудағы апаттың мән-жайы ұшақтың қирандысы арқылы анықталады

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау маңындағы апатқа ұшыраған ұшақтың қалдығын қайда жібереді? Бұл сауалға Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев жауап берді.

Ақтаудағы ұшақ апаты
Фото: Аягөз Ізбасарова

— Апаттың хронологиясы мен оның айналасындағы дау-дамайды анықтау үшін қиранды қалдықпен жұмыс істеледі. Оның ішінде, ұшақтың не себептен апатқа ұшырағанын білу үшін Embraer әуе компаниясымен жұмыс істеуіміз керек, — деді Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары оқиға орнына БАҚ өкілдерінің баруына не үшін тыйым салынғанын түсіндірді.

— Бүгін оқиға орнында болып, ешкімнің жүрмеуін өтіндім. Себебі, жедел тергеу әрекеттері жүргізілуі керек. Кішкентай жайт дәлел болуы мүмкін, — дейді вице-премьер.

Айта кетейік, аталған әуе апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Ол бойынша қайда хабарласу керектігін сілтемеге өтіп біле аласыз. 

Өкінішке қарай, еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев ұшақ бортында болған барлық қазақстандық мерт болғанын хабарлады. 

Өз кезегінде, әзербайжан тілшісі қазақ халқының қиын сәттегі көмегіне алғысын айтты.

Соңғы жаңалықтар