Ұшақ апаты: Мерт болған қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау қаласы маңындағы әуе апатынан мерт болған отандастарымыздың аты-жөнін жариялады.

Ұшақ апаты кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпарат:
— Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы;
— Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы;
— Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы;
— Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 жылы туған, туған жері: Алматы қаласы, Астана қаласының тұрғыны;
— Жұмағат Эльдар 23.08.2013 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны;
— Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 жылы туған, туған жері: Қостанай облысының тумасы, тұрған жері Қарағанды қаласы.
Еске салсақ, бүгін Әзербайжан елордасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Қазақстан аумағында апатқа ұшырады.
Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясы жарияланды.
Ақтаудағы әуе апатынан мерт болған қазақстандықтар анықталды.
Кейіннен ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды.