Ақтаудағы аула клубтары Астана күнін «Көңілді старттармен» атап өтті (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі Астана күніне орай, Ақтау қаласы аула клубтары арасында «Менің Отаным - Қазақстан!» ұранымен «Көңілді старт» шарасын ұйымдастырды. Шара аясында 30 тәрбиеленуші: «Школьник» орталығының құтқарушылары, 6-12 жас аралығындағы «Шағала» және «Жігер» аула клубтарының тәрбиеленушілері және 50 мектеп оқушысы спорт жарыстарына қатысып, өз топтарына жанкүйер болды.
None
None

«Жігер» аула клубының балалары арадағы ең кішілері болды. Оларға тапсырманы орындау үшін көп күш салуға тура келді: кедергілер арқылы жүгірді, шанамен сырғанады, төсеніштерде домалап, шеңберден шеңберге секірді. Командалар үшін үлкен және кіші эстафеталар ұйымдастырылды. Бірінші орынды «Школьник» орталығының құтқарушылары иеленді, екінші орын - «Жігерге», ал үшінші орын - «Шағала» аула клубына бұйырды», - деді сайыстардың бас төрешісі Валентина Зайцева.

Старттың барлық 30 қатысушы мақтау қағаздары мен медальдар алды.

Соңғы жаңалықтар