Ақтаудағы балабақшаларда тамақтану ақысы қымбаттады

АҚТАУ. Ақпанның 6-cы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/- Ақтаудағы мектепке дейінгі мекемелерде тамақтану ақысы өсті. Бұған азық-түлік бағасының қымбаттауы себеп болған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық білім бөліміне сілтеме жасап. «Статистикалық мәліметтер бойынша, өткен жылы тамақ өнімдері 3 рет өскен. Соған қарамастан, бір жыл бойына Ақтаудағы балабақшаларда балалардың 1 күнгі тамағы 262 теңгеден көбейген жоқ. Ал биылдан бастап Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы қалалық бюджет туралы шешіміне сәйкес, ол 309 теңге болып өзгерді. Мектепке дейінгі мекемелердің басқа шығындарын үкімет төлеп отыр»,- дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің бастығы Асылбек Жұмағұл. Бүгінде Ақтаудағы мектепке дейінгі мекемелер саны 22-ге өсті. Соған қарамастан, балабақшаға баруға кезекте тұрған балдырғандардың қазіргі саны 7600.
Соңғы жаңалықтар