Ақтаудағы көпқабатты үйдегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті Ақтаудың 13-ші шағын ауданындағы №21 үйдің өртенуіне байланысты өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзылуы (ҚР ҚК 236-бабы) туралы қылмыстық іс қозғады.
None
None

Төтенше оқиғаның себебін және жауапты адамдарды сот өрт-техникалық сараптама анықтайды. Сараптама жасалған бойда құрылысшылар үйді қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Бұл туралы Лада.kz Ақтау әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұловқа сілтеме жасап хабарлады.

Оның мәліметтеріне қарағанда, тоғыз пәтер толық өртеніп кеткен. Бұдан бұрын 15 құрылыс компаниясы үйлері өртенгендерге көмек көрсеткісі келетіндіктерін білдірген. Оператор болып «Альянс ЛТД» ЖШС белгіленді. Қалған компаниялар құрылыс материалдарымен және қаржымен көмектеспек. Жұмыстар құрылысшылардың өз ақшаларына жүргізіледі. Бюджеттен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге ақша қаралмаған.

Сондай-ақ әкімніің орынбасары пәтерлері өртенгендерге 23-шағын ауданнан жатақхана бөлінгенін хабарлады. Екі отбасы ғана бұл мәселені қарауға алды. Қалғандары достарында немесе туыстарында паналамақ.

«Тұрғындар тарапынан бірнеше өтініш болды. Сұрақтар бүтін қалған жеке заттарын тасымалдауға және бұл үшін көлік құралдарын және адам ресурстарын бөлуге қатысты болды. Мәселе шешілді, көлік және жүкшілер бөлінді. Жұмыстардың сапасына қатысты сұрақтар болды. Құрылысшылар қалпына келтіруді бастапқы жобаға сәйкес жүргізетінін айтты. Кезінде осы үйді салған компания басшысы қалпына келтірумен айналысатын кәсіпорынға үйдің сызбаларын берді», - дейді Нұрлыбай Аққұлов. Журналистердің мемлекеттік комиссия үйді қалай қабылдағаны жайлы сұрақтарына жауап қайтара отырып, әкімнің орынбасары комиссия құрамында барлық бақылау-қадағалау органдарының, соның ішінде ТЖ өкілдері болғанын айтты.

- Егер олар қабылдаған болса, яғни нормаға сәйкес деген сөз. Ал аулада жеке машиналар көп болуына байланысты өрт сөндірушілерге қиындық туғаны рас. Дегенмен ішкі істер органдары аумақты қоршап, машиналардан тазартты. Дегенмен нақтырақ айту үшін тергеу нәтижелерін күту қажет», - деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар