Ақтаудағы «Ковчег» қазіргі заманғы өнер галереясының жабылып қалуы ықтимал

АҚТАУ. Ақпанның 6-cы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтаудағы жалғыз «Ковчег» қазіргі заманғы өнер галереясының жабылып қалуы мүмкін.
None
None
Жаңа ғимаратты жалға беруші төлемақыны 20 есеге көтерген. Мұндай қаражатты төлеуге қылқалам шеберлерінің шамасы келмей отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі галерея қызметкерлеріне сілтеме жасап. «Облыстағы үздік суретшілеріміздің картиналары осы жерге топтастырылған. Көрме залының бұған дейінгі орны баяғыда?ақ ойын ?сауық орталығына айналған. Қылқалам шеберлері болса, картиналарын арқалап басқа орын іздеумен жүр. Галерея суреттер ілінген жай ғана көрме залы емес, ол сондай?ақ өнерге құштар жандардың, қолдарына қылқалам ұстаған жүзден астам өнерпаз бүлдіршіндердің бас қосатын ортақ үйі. Қазір олардың да далада қалу қаупі төніп тұр. Өнер ошағын сақтап қалу мақсатында суретшілер демеушілерден де, жергілікті басшылықтан да көмек сұраған. Әзірге бәрі де үнсіз»,- дейді «Ковчег» қазіргі заманғы өнер галереясының директоры Наталья Романова. Қалалық қана емес, халықаралық деңгейдегі көрмелер өткізіліп, алыс ? жақын шетелден келген қонақтарды қабылдап жүрген өнер галереясына биыл 11 жыл толады. Мұнда бір ай бұрын ақтаулық суретші Болат Бөкебаевтың «Көшпенділер ? кеше, бүгін, ертең» деген атпен соңғы көрмесі өтті. Бастапқыда галерея шағын ғана балабақша ғимаратын паналаған. Кейін ол қайтарылып, Ковчегтің басқа жерге көшуіне тура келді. Олар қазіргі 11-ші шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатындағы мекен-жайына өз күштерімен жөндеу жұмыстарын да жүргізген. Енді осы өнердің кең тыныстауына жағдай жасалған тұста жалға беруші төлемақы көлемін көтеріп отыр.
Соңғы жаңалықтар