Ақтаудағы «Меловой» шамшырағына 50 жыл

АҚТАУ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы дүние жүзінде бірінші рет тұрғын үйдің төбесіне салынған «Меловой» шамшырағына 50 жыл толды.
None
None

1963 жылы осы сияқты жалтылдағыш шамшырақ Қазақстанда болған емес. Оның биіктігі 10 қабатты ғимараттың үстіндегі екі қабатты мұнараға орнатылуына байланысты теңіз деңгейімен салыстырғанда 73 метрге тең болатын. Былтырғы жылы ескі шамшырақтың орнына жаңасы қойылды. Бұл компьютерлік матрицамен жабдықталған жаңа үлгі және ол мұнарада емес, үйдің төбесіне орнатылды.

«Ескі жабдықтар тиісті пайдалану уақытының екі мерзімі бойы істеді. Айналмалы шамшырақтың техникалық сипаттамасы ескірген, бірақ жұмыс барысында өз нормасынан еш ауытқыған емес. Ол әлі күнге дейін жұмыс істей алады, оны резерв ретінде ұстап отырмыз. Жаңа шамшырақтың соққыға, шаңға, шіруге қарсы тұра алатын ерекшеліктері бар, жаңа құралдар халықаралық шамшырақтар қызметі қауымдастығының талаптарына сәйкес келеді», - деп әңгімеледі ҚР ҚК ӘТК гидрографикалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы Константин Малов.

Шамшырақты жаңарту және орнату жұмыстарымен қазақстандық «ҚазГизОрталық» АҚ мен ресейлік «Навител» ЖАҚ мамандары шұғылданды.

Жалпы Маңғыстау облысында 5 шамшырақ бар, оның барлығы жаңартылған.

Соңғы жаңалықтар