Ақтаудағы сот отырысының бейнежазбасы сот үдеріске қатысушылардан жауап алу тәртібін бұзбағанын көрсетті

АҚТАУ. 11 cәуір. ҚазАқпарат.  - Бүгін кезекті сот отырысы барысында сотталушылардың адвокаттары  сот процеске қатысушылардан жауап алу тәртібі  бұзғандығын мәлімдеді, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
None
None

Осыған байланысты 28 наурызда өткен сот отырысының бейнежазбасы қаралып, процеске қатысушылардан сұрау тәртібі анықталды.

Бейнежазбаға сай алдымен жәбірленушілер,  сотталушылар, кейін куәлар сұралуы қажет, сондықтан сот процеске қатысушыларды сұрау тәртібін бұзбаған.

Сонымен қатар, сот отырысы барысында қорғаушылар А.Батиева мен Г.Жуаспаева қылмыстық іске төрағалық етушіге қарсылық білдіретіндіктерін мәлімдеді.

Ақтау қалалық сотының судьясы И.Досетов келтірілген қарсылықты Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 90-бабының талаптарына сай қарады. Судья тараптардың пікірін ескере отырып, келтірілген қарсылықты қанағаттандырусыз қалдырды.

Барлық сотталушылар қорғаушылар А. Батиева мен Г. Жуаспаеваның өтінішін қолдамайтындықтарын, сондай-ақ аталмыш іс бойынша төрағалық етушінің істі қарауды соңына дейін жеткізгенін қалайтындықтарын мәлімдеді.

Сот отырысы одан әрі 2 жәбірленушіні сұраумен жалғасты. Содан кейін 2 сотталушы сұралды.

Сот талқылауы барлық процеске қатысушылардың құқығын сақтай отырып, қалыпты жағдайда өтті.

Келесі сот отырысы ертең сағат 10.00-ге тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар