Ақтаудан 200 км қашықтықта жер сілкінді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – 9 тамызға қараған түні Каспий теңізінің маңында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжанның Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі хабарлады, деп жазады lada.kz.

Ақтаудан 200 км қашықтықта жер сілкінді

Зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 01:43-те Ақтаудан 200 км қашықтықта, 20 км тереңдікте тіркелген.

Жер сілкінісінің бағыты, зілзала ошағынан 42°36′0″ солтүстік ендікте, 49°10′12″ шығыс бойлықта орналасқан.