15:20, 27 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Ақтауға Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді
АҚТАУ. KAZINFORM – Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады.
Сондай-ақ, алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.