Ақтауға эвакуацияланған Атырау облысының тұрғындары үйлеріне қайтып жатыр

эвакуация людей
Фото: ТЖД

АҚТАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Жылыой ауданында болған су тасқынынан Маңғыстауға эвакуациаланған тұрғындардың дені үйлеріне орала бастады.

Төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының бірнеше ауданына және Ақтау қаласындағы арнайы эвакуациялық орталықтарға тұрғындар уақытша орналасқан болатын. Жауапты мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Ақтау қаласы бойынша арнаулы төрт орында алты жүзге жуық құлсарылық тұрғын қалған.

«Ақтау қаласы аумағындағы эвакуациялық қабылдау пункттерінде орналасқан адамдар саны едәуір азайды. Қазір облыс орталығында эвакуациялық қабылдау пункттерінде 574 адам бар», - Ақтау қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы Манарбек Мұханбетов.

Осыған дейін Ақтауда эвакуациялық орталықтар саны үш есеге азайғаны айтылды.

Сондай-ақ, өңірде Атырау облысынан эвакуацияланғандарға арналған қоғамдық көмек штабы ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар