Ақтауға фламинго ұшып келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған.

Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. Ауа райы суытқан соң оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді.

Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында.

Айта кетейік, қызғылт түстес, ірі денелі құстар, негізінен тропикалық елдерде ұя салады.


Соңғы жаңалықтар