Ақтаулық 9 адамның 70 млн теңгесін жымқырған алаяқ сотталды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шықты

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру барысында Корниенко Н.Н. ешқандай өкілеттігі болмаса да, өзін «СК 2032» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы ретінде көрсетіп, «МИЗАМ» көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қатысты 9 келісімшарт жасағаны анықталды.
Осылайша ол азаматтардың 70 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
- Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 200 млн теңге болатын 8 мың шаршы метр жер теліміне тыйым салынды.
Сот үкімімен Корниенко Н.Н. 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.
Мүлікке салынған тыйым жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін пайдаланылатын болды.
Айта кетейік, агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты жұмыс істейді.
Еске салайық, СҚО-да Sincere Systems Group қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды.