Ақтаулық сүңгуір теңіз астындағы бір шақырымнан астам аумақты қоқыстан тазалады

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтаулық сүңгуір Қанат Абдиев Каспий теңізінің астындағы 1270 метр аумақты қоқыстан тазалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтаулық сүңгуір теңіз астындағы бір шақырымнан астам аумақты қоқыстан тазалады
Фото: pexels.com

Теңіз астындағы тазалық жұмыстарын сүңгуір жиі жүргізгенімен, әлеуметтік желіге көп жарияламайды екен.

Қанат Абдиевтің айтуынша, теңіз астында негізінен тамақ қалдықтары мен пластикалық өнімдер кездеседі. Сүңгуір тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырды.

- Ақтаулық сүңгуірлердің арнайы чаты бар. Тазалық жұмыстарын тек мен ғана емес, басқа сүңгуірлер де жүргізеді. Жалпы, теңіз астында негізінен тамақ қалдықтары мен пластикалық бөтелкелер, полиэтилен пакеттері жиі кездеседі. Су астында 8-10 метр тереңдікте жатқан қоқыс тазаладым. Бұған дейін теңіз түбін тазалағаннан кейін, осы жолы 1 қап қоқыс шықты. Барша тұрғынды қоршаған ортамызға құрметпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамын, - деді Қанат Абдиев.

Сүңгуір мамандығына қойылатын қандай талаптар бар ? Қиын сәттерде олар қалай шешім қабылдайды? Kazinform тілшісі кейіпкермен оның жұмысы жайында ой бөлісіп көрген еді.

 

Соңғы жаңалықтар