Ақтаулық зейнеткер үй ауласына 500-ден аса ағаш отырғызды

Ағаш отырғызу
Фото: Қоғамдық коммуниция қызметі

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау тұрғыны жеті жыл ішінде 500-ден астам ағаш отырғызып, көп қабатты үй ауласын бау-бақшаға айналдырды.

«Ең болмағанда әр пәтердің бір тұрғыны бір ағаш отырғызса, көгалдандыруға қосқан үлкен көмек болар еді. Біз секілді әуесқой бағбан болмаса да, көршілердің көмегі маңызды. Жаңбыр жауса нұр үстіне нұр болады. Ондай кезде суару туралы ойланбайсың. Бірақ ыстық күндері бау-бақшаны күтіп-баптау аса маңызды. Сондықтан мол су болса, жеміс ағаштары жайқалып өседі. Әсіресе, көктемде гүлдері бүр жарғанда ғажап көрініс болады», - дейді Базаргүл Бугасова.

Көктемде қала аумағында көгалдандыру ісі қолға алынады. Тұрғындар сәндік өсімдіктер мен гүлдерді отырғызса, кейбірі көк желекпен небір бейнелер салуды жөн санайды.

ағаш
Фото: Қоғамдық коммуниция қызметі

Облыс орталығының 31Б шағынауданындағы «Өрнек» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Базаргүл Бугасова жылда түрлі гүлдер егіп, көшет отырғызғанын айтады.

Қолынан күрегін тастамайтын зейнеткер үйінің ауласында түрлі тал-терек өсіріп, жеті жыл ішінде үйдің ауласында 500-ден астам ағаш отырғызған. Олардың арасында алма, өрік, шие секілді жеміс ағаштары бар.

«Бұл менің сүйікті ісімнің бірі ғана. Жеміс ағаштары аулаға көрік берумен қатар олар таза, табиғи өнім береді. Сонымен қатар, жеміс ағаштарының көптігі эстетикалық жағымды көрінеді, олар гүлдей бастағанда, аула құлпырып кетеді», - дейді бағбан.

Қарт бағбан көшеттерді қала базарларынан сатып алып отырады. Тіпті, шалғай өңірлерге барса да сол жақтан көшет әкеліп отырғызуды әдетке айналдырған. Бұл үшін өз қаражатын аяп қалған емес.

Маңғыстау
Фото: Қоғамдық коммуниция қызметі

«Ең болмағанда әр пәтердің бір тұрғыны бір ағаш отырғызса, көгалдандыруға қосқан үлкен көмек болар еді. Біз секілді әуесқой бағбан болмаса да, көршілердің көмегі маңызды. Жаңбыр жауса нұр үстіне нұр болады. Ондай кезде суару туралы ойланбайсың. Бірақ ыстық күндері бау-бақшаны күтіп-баптау аса маңызды. Сондықтан мол су болса, жеміс ағаштары жайқалып өседі. Әсіресе, көктемде гүлдері бүр жарғанда ғажап көрініс болады», - дейді Базаргүл Бугасова.

Соңғы жаңалықтар