Ақтаулық студенттер соғыс ардагерлерін Жеңіс мерекесімен үйлеріне барып құттықтады

АҚТАУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің бір топ студенттері мен қызметкерлері соғыс ардагерлерін Жеңіс мерекесімен үйлеріне барып құттықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н. Құмарова бастап, студенттер және қызметкерлер Ақтауда тұратын 15 соғыс ардагерінің үйлеріне барып, оларды мерекелерімен құттықтадық. Жылы лебізімізді білдіріп, гүл шоқтарын ұсындық. Батыр ата-әжелерімізбен бірге суретке түсіп, азық-түлік өнімдерінен тұратын сый-сияпат жасадық. Бұл күннің қадірін де, қасиетін жақсы біліп, жанымен түсінетін осы ардагер қарияларымыз. Олардың алдындағы борышымызды не істесек те ақтай алмаймыз. Сондықтан біздің жастарымыз жыл сайын Жеңіс мерекесінде осылай қарттарымызға сәлем беріп, құттықтап қайтуды дәстүрге айналдырып келеді», дейді университеттің баспасөз хатшысы Асқар Жәнібек.Бұдан басқа олар қаладағы қарттар үйіне де барып, ондағы 2 соғыс ардагерін мейрамымен құттықтап, сыйлар беріп қайтты.
Соңғы жаңалықтар