Ақтаулық төрт оқушы АҚШ-та оқитын болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
FLEX - Future Leaders Exchenge - болашақ лидерлерді алмастырып оқыту бағдарламасы аясында олар бір жыл Мичиган штатындағы орташа статистикалық мектепте білім алады.
Бұл бағдарламаны алғаш құрған АҚШ сенаторы Билл Бредли. Бағдарлама 1992 жылы АҚШ Конгресінде қолдау тапқан және екі ел мәдениетін жақындастыру, оқушылардың білім деңгейін,танымын жоғарылату мақсатында құрылған.
АҚШ Үкіметі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын бағдарламаның жұмыс істегеніне 17 жыл, ал Америкада17 мың бала осы бағдарлама аясында оқытылған.
Биылғы жылы Қазақстандағы 6 мың үміткердің ішінен 100 оқушы жеңімпаз атанып отыр. Оның төртеуі -ақтаулықтар.
Олардың ішінде Ақтаудағы экономикалық лицейдің 10-шы сынып оқушысы Айна Әбенова да бар.
«Бұл бағдарламаны мен 7-ші сыныпта оқып жүргенде естідім. Тездетіп өсіп, осы бағдарлама бойынша АҚШта оқуға талпындым. Былтыр іріктеу турына өте алмадым. Биыл тағы да білімімді сынаған едім, жолым болды», - дейді Айна. Онымен бірге Жұлдыз Әбуталиева, Данияр Есқалиев, Гүлназ Рүстемовалар да АҚШ-қа аттанбақ.