17:32, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Ақтаулық ұстазға Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасының сыйлығы табысталды
АҚТАУ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтаулық педагог, «№ 46 «Ручеек» мектепалды оқу-тәрбие беру орталығы» МКҚК-ның басшысы Валентина Вострова жоғары сапалы кәсіби қызметі үшін Еуропалық ғылыми-өнеркәсіп палатасының дипломымен және алтын медалімен марапатталды.

«Валентина Васильевна мектепалды тәрбие беру жүйесінде 1976 жылдан бері жұмыс істеуде. 1992 жылдан бастап «Ручеек» орталығының тұрақты басшысы болып табылады. Оның кәсіби тәжірибесінің арқасында балабақшада сауатты әрі шығармашылық әлеуеті жоғары педагогтар жұмыс істеуде. Валентина Вострованың «ҚР Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты, «Маңғыстау облысының жыл адамы» атағы және басқа да марапаттары бар», - деп атап өтті орталықтың әдіскері Елена Шабалдас.