Ақтаулық Валентин Байдаков сайлауға қазақтың ұлттық киімімен келді
«Ол 18-ші сайлау учаскесінде дауыс берді. Қала тұрғыны өз таңдауын жасауға қазақтың ұлттық киімі - шапанмен келді», - деп мәлім етті Өңірлік коммуникация орталығынан.
Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру үшін Ақтауда 83 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр.
Жалпы Маңғыстау облысында барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиясы және 243 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді.
Сайлау комиссияларының құрамына 1765 адам тартылған. Өңірдегі сайлаушылар саны 411 103 адамды құрайды.
Өңірде барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиясы және 243 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Облыс орталығы – Ақтау қаласында 83 сайлау учаскесі орналасқан. Өңірдегі электорат саны – 411 103 адам. Тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 5 дауыс беру учаскесі ашылды.