Ақтаулық жас дзюдошылар Бакуден елімізге үш медаль әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жастар» спорт мектебінің тәрбиеленушілері Бакуде дзюдодан халықаралық турнирге қатысты, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

Ақтаулық дзюдошылар жас бапкер Жомарт Қобылановтың басшылығымен екі апта бойы Бакуден үш сағаттық жердегі Набрань курорттық кентінде жаттығуда болды. Артынша олар Әзербайжан астанасына жарысқа келді.

Турнирге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Беларусь және Грузия елдерінен 12-14 жас аралығында 300-ге жуық спортшы қатысты. Гүлнұр Нұрғалиқызы күміс медаль алды. Нұрсұлтан Манарбекұлы мен Нұрбек Қуанышұлы қола иеленді. Командалық есепте маңғыстаулықтар үшінші орынды еншіледі. - Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Шәкірттеріме көңілім толды. Осы қарқыннан танбаймыз деп ойлаймын, - деп ойымен бөлісті бапкер.

Соңғы жаңалықтар