Ақтаулық жасөспірім қыз бессайыстан әлем чемпионы атанды

Бұл туралы Спорт.кз жазады.
12-13 жастағы бойжеткендер арасында спорттық бәсекеде «Жастар» ОРМБЖСМ тәрбиеленушісі Арина Мишеева жеңімпаз атанды. 60 метрлік спринтте топта үздік нәтиже көрсетіп, жүзу, ату және снаряд лақтыруда жоғары көрсеткіштерге ие болып, жарыстың соңғы түрі - 1000 метрге жүгіруге шыққан Аринаның ресейлік қарсыласына қарағанда ұпай саны жағынан аз ғана басымдыққа ие болған. Қарсыласынан жеңіліп бара жатқанда біздің спортшымыз жеңіске деген ұмтылысын танытып, мәре сызығында ресейлік спортшыдан оза келді.
Қазақстан Республикасының атынан жасөспірімдердің әлем чемпионатына іріктеу қорытындылары бойынша алынған барлығы 2 спортшы қыз қатысты. Өкінішке қарай, Қостанай спортшысы 14-15 жастағы бойжеткендер тобында 4-ші орын алып, жеңімпаздар тұғырына шыға алмады.