Актер Аян Өтепберген Испаниядағы халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық театр және кино актері, Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Аян Өтепберген Испанияның Тенерифе аралында өткен X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде «Үздік актер» аталымының жеңімпазы атанды.

Актер Аян Өтепберген Испаниядағы халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды
Фото: instagram.com/otepbergen_ayan

Мәдениет және ақпарат министрлінінің хабарлауынша, актер Джек Тейлор атындағы жүлдені «Sicko» фильміндегі рөлі үшін иеленді. Фестивальдің қазылар алқасы оның актерлік шеберлігін жоғары бағалап, кейіпкер бейнесін әсерлі сомдағанын, драма мен юморды ұтымды ұштастыра білгенін атап өтті.

Фестиваль қорытындысында «Sicko» фильмі «Үздік толықметражды фильм», «Үздік актер» және «Үздік костюмдер» аталымдары бойынша үш жүлдеге ие болды.

Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Канар аралдарында өтеді. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған мерейтойлық фестиваль 6-15 қараша аралығында өтті.

Еске салайық, бұған дейін «Qaitadan» халықаралық кинофестивальде Орталық Азияның үздік фильмі атанғанын жазғанбыз.