Актер Есім Сегізбаев өмірден озды
«Т.Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, кино актері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Есім Сегізбаев ағамыз дүние салды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туған-туыстарына орны толмас қайғыға ортақтасып көңіл айтады. Есім Сегізбаев жарқын бейнесі барша қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады. Иманды болсын!», - деп жазды ол.
ҚазАқпарат анықтамасы
Есім Жүкеұлы Сегізбаев 1937 жылы қазіргі Ақмола облысына қарасты Сарыадыр ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан білім беру ісінің үздігі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын кино және драма актері мамандығы бойынша бітірген. Он жылдан астам уақыт бойы Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында еңбек етті. 1978 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры болды, 200-ден астам шәкірт тәрбиеледі.