Актер Николай Караченцов тағы да жол апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал актер Николай Караченцов тағы да жол апатына ұшырады. Бұл ақпаратты оның жұбайы растады, деп хабарлайды life.ru .
None
None

Бүгін Мәскеудің Щёлковский ауданындағы Загорянский коттедждер қалашығында «Тойота-Хайлендер» автомобилі «Газельмен» соқтығысты. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында актер Николай Караченцов отырған.

Әртістің жұбайының айтуынша, Николай Караченцов қазір ауруханада.

«Барлығы жақсы, бәрі аман-есен, - дейді қазір күйеуінің қасында жүрген Людмила Поргина. - Николай Петрович ауруханаға жатқызылды».

Соңғы жаңалықтар