Актер Шәріп Серік қамауға алынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Белгілі қазақстандық актер Шәріп Серік бес тәулікке қамалды.

актер
Фото: instagram.com/shakentii

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі) Ш.Серікке қатысты іс қаралды.

Сот барысында актер өз кінәсін мойындады.

– Сот қаулысымен Шәріп Серік Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды,– деп хабарлады соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ

Осыған дейін Алматы тұрғыны Әлия Бөтеева әлеуметтік желіде актер Шәріп Серіктің қол көтергенін айтып, дәлел ретінде видео мен суреттер жариялаған болатын.

Кейін актер Шәріп Серік жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады.

Соңғы жаңалықтар