Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді
АСТАНА. KAZINFORM - Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.
2025 жылы фельдшерлік-акушерлік пункттер Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Нұра ауылында, Байғанин ауданы Ноғайты ауылында салынады.
Сондай-ақ медициналық пункттер:
➤ Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
➤ Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
➤ Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
➤ Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
➤ Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
➤ Ырғыз ауданы, Жарма ауылында салынады.
Дәрігерлік амбулаториялар:
➤ Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
➤ Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
➤ Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.
Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Павлодар ауылдарында қайтарылған активтер есебінен амбулаториялар салынатынын хабарладық.

