Ақтөбе әкімдігі кәсіпкерлердің жерді жалға алу мерзімін әдейі созбай келген

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жерді бизнеске жалға беру мерзімін ұзарту негізсіз созылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.
None

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласында жер учаскесін жалға алу мерзімінің өтінішін қарау негізсіз кешіктірілгенін анықтады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында қаланың жер қатынастары бөліміне 2022 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін жергілікті кәсіпкерлерден бұрын берілген жер учаскесін жалға беруді ұзартуға 30 өтініш түскені белгілі болды.

Қала кәсіпкерлері міндеттері дұрыс орындалған және жер учаскесінің шекарасы өзгермеген жағдайда учаскені жалдау шартын жаңа мерзімге ұзартуға толық құқылы болды.

Осылайша жер қатынастары бөлімі адал бизнесті жүргізуге жасанды кедергі жасаған.

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдікке әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсыныстар енгізді.

Содан кейін өтініш білдірген кәсіпкерлер үшін жер учаскесін жалға беруді ұзарту мақұлданды.


Соңғы жаңалықтар